今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шымкенттегі жарылыстан күзетшімен қоса бір нәресте шетінеді

21 五月 2022 16:43

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Осыдан небары 18 күн бұрын ғана дүниеге келген сәби үшемнің бірі еді. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, жарылыс кезінде №1 перинаталдық орталықта екі жүзден аса адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықта жарылыс кезінде 189 пациент пен 65 қызметкер болған. Жарылыс салдарынан орталықтың күзетшісі және 1 нәресте көз жұмды. Шетінеген сәби 18 күн бұрын туған. Тағы 8 адам зардап шегіп, қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды. Атап айтқанда, облыстық клиникалық ауруханаға, қалалық №1 және №2 ауруханаға жатқызылды», - делінген басқарма хабарламасында.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім болғанындай, Өмірзақ Шөкеев тиісті органдарға қайтыс болған күзетшінің отбасына материалдық көмек беру, яғни жерлеу рәсімінің шығынын толық көтеруді тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттегі перинаталдық орталықтың қасындағы дәрі сақтайтын екі қабатты ғимаратта жарылыс болғанын хабарладық. Перзентхана ғимараты мен тұрғын үйге зақым келіп, ондағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді.


回到顶部