今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте шетелдік нөмірлі көлік зейнеткерді қағып кетті

30 十一月 2021 20:54

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының Еңбекші ауданында болған жол-көлік оқиғасында 67 жастағы ер адам, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік нөмір таққан Daewoo Nexia көлігін жүргізуші жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Задап шеккен ер адам медициналық мекемеге апара жатқанда қайтыс болды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша (Автокөлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады.


回到顶部