今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкентте қоқыстың арасынан нәрестенің мәйіті табылды

18 十月 2021 14:02

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қоқыстың арасынан нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 18 қазан күні полицияға Рысқұлов көшесі бойында орналасқан қоқыс жәшіктерін тазалау барысында жаңа туған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС қызметкерлері тазалау жұмыстарын жүргізу барысында қоқыс жәшігінің ішінен жаңа туған баланың мәйіті бар пакетті тапқанын анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау және оны қамтамасыз ету мақсатында жария етуге жатпайды»,-делінген хабарламада.


关键词: Шымкент, Оқиға,
回到顶部