今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда карантин шектеулері 17 желтоқсанға дейін ұзартылды

3 十二月 2021 19:14

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 17 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 17 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 14,2%.

Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,754.

Осы ретте ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.

Қаулының мәтінімен осы сілтемеде жан-жақты танысуға болады.


回到顶部