今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО құтқарушылары мұз үстінде қалған 15 жылқыны алып шықты

26 一月 2022 19:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары мұз үстінде қалған 15 жылқыны алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 қаңтар күні құтқарушыларға Ұлан ауданындағы шаруа қожалығының иесі хабарласып, көмек сұрады. Өз сөзінде ол Ертіс өзеніндегі аралда жайылып жүрген жылқыларының мұз үстінде қалып, жағаға жете алмай жатқанын жеткізді.

«Белгілі болғандай, жылқылар ылғи да осы арал маңындағы мұздың үстіне келіп жүрген. Алайда соңғы күндері ауа райының өзгеруіне байланысты мұз жұқарып, олар жағаға шыға алмай қалған», - деді облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының бастығы Игорь Лапенлавский.









Жылқылар шұғыл түрде көмекке келіп жеткен құтқарушылардан үркіді. Департамент қызметкерлері арқан мен жем-шөп арқылы жануарларды бір-бірлеп қауіпсіз жерге шығарды. Бұл бірнеше сағатты қажет етті. Мал иесі өз кезегінде көмек көрсеткен құтқарушыларға ризашылығын білдірді.











回到顶部