今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да жарты млн астам адамның зейнетақысы мен жәрдемақысы өсті

20 五月 2022 22:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 600 мыңға жуық адамның зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 568,4 мың адамның зейнетақысы мен жәрдемақысы артып отыр.

Бұған елімізде зейнетақы мен жәрдемақыны инфляцияға сай индекстеу үшін қосымша 111 млрд теңге бөлінгені әсер етті.

Барлық әлеуметтік төлемдер 2021 жылмен салыстырғанда 9 пайыз, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері 11 пайыз өскен.

«Зейнетақы және жәрдемақы мөлшерінің артуына қатысты барлық сұрақтар бойынша тұрғындар еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне хабарласа алады. Мекеме мекенжайы Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 32 үй», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар жұртшылық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі аудандық және қалалық бөлімдеріне жүгіне алады.


回到顶部