今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да үш аптада кене шаққандар саны 5 есе артты

16 五月 2022 22:23

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы үш аптада кене шаққан тұрғындар саны 5 есеге артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен айдың аяғына қарай өңір бойынша 229 адамды кене шақса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш бес есеге артып отыр.

«Сәуір айының басынан бері эндемиялық аумақтарда кене шаққандар саны 1 мыңнан асып кетті. Зардап шеккендердің басым бөлігі, яғни 653 адам – Өскемен қаласының тұрғындары. Сондай-ақ Риддер, Глубокое, Катонқарағай, Шемонаиха және Алтай аудандарында кене шаққандар көп. Ал ең аз көрсеткіш Ұлан, Зайсан және Көкпекті аудандарында тіркелген», - делінген ақпаратта.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кене шағып медициналық көмекке жүгінгендер саны 6,7 пайызға өскен.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде Балалар жылына орай 3000-ға жуық шара өтетінін хабарлаған едік.


回到顶部