今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да карантиндік шектеулер 30 қазанға дейін ұзартылды

16 十月 2021 15:53

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қ.А. Тұрдиевтің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

​Құжатта жазылғандай, өңір бойынша карантин 30 қазанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 19,5%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,971.

Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.



回到顶部