今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

3 十二月 2021 17:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5-6 желтоқсан күндері елімізге Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев екі күндік мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-6 желтоқсан күндері елімізге Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев екі күндік мемлекеттік сапармен келеді.

Көпқырлы қазақ-өзбек қатынастарына тың серпін беру мақсатымен Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде», - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.


回到顶部