今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шахтинск тұрғыны тағы да рекорд жасап, бесінші мәрте Гиннес кітабына енді

18 十月 2021 22:54

ШАХТИНСК. ҚазАқпарат – Шахтинск қаласының он тоғыз жасар тұрғыны Руслан Фатахов стритлифтинг бойынша бес рекорд орнатып, Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Сонымен қатар, осы жазда ол қосымша салмақпен тартылудан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Руслан бес жасынан бастап спортпен шұғылданады. Алдымен грек-рим күресі, содан кейін жеңіл атлетика, футбол, баскетбол, волейбол болды.

16 жасында Руслан ауыр салмақ көтерумен айналыса бастады.

Мен бос уақытымды стритлифтингке арнадым. Басында бәрі ойдағыдай болмады, бірақ бұл мені одан бетер алға итермеледі. Мен әрқашан бірінші болғым келеді. Бірақ ол үшін көп еңбек ету керек. Рекордтар қою идеясы маған бір жарым жыл бұрын келді. 2020 жылдың қазан айында мен Гиннесстің рекордтар кітабына қосымша салмақпен тартылу туралы өтініш бердім. Рюкзакпен тартылу керек еді», – дейді Руслан.




Жас жігіт осы номинациядағы барлық жеті рекордқа қол жеткізуді үйғарды.

Осы жылдың сәуір айында ол оларды екі жаттықтырушының қатысуымен және фото және видео түсірілім көмегімен тіркеді.

Бейнероликтер мен қажетті құжаттарды жіберіп, Руслан алты айға жуық жауап күтті. Жақында ол бес рекордқа қол жеткізгенін растайтын құжат келді.

Тағы екі санат бойынша нәтиже әлі жоқ.

«Осы жылдың тамыз айында Киевте (Украина) стритлифтинг және Workout-рекордтар бойынша әлем чемпионатына қатыстым. Қосымша салмағы 32 келі болатын тартылудан әлем чемпионы атандым. Мен 2017 жылдан бері келе жатқан әлемдік рекордты жаңарттым», – дейді спортшы.




Қазір Руслан Ресейде оқиды. Жігіт бос уақытын әлі де тұрақты жаттығуларға арнайды. Болашақта ол өз өмірін спортпен байланыстырғысы келеді.

«Мен Workout және стритлифтинг бойынша өз секциямды ашып, адамдарды өз тәжірибемен және біліміммен бөлісу үшін жаттықтырғым келеді. Менің ойымша, спорт әр адамның өмірінде болуы керек, күніне кем дегенде 10–20 минут уақыт бөлу керек. Сондай-ақ, жаңа рекордтар орнатқым келеді, мүмкін тек тартылуларда ғана емес, басқа спорт түрлері бойынша да бағымды сынап көрермін», – дейді Руслан Фатахов.











回到顶部