今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Сергек» бағаны елорда тұрғынының үстіне құлап кетті

27 十月 2021 10:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғыны әлеуметтік желіде «Сергек» бейнебақылау жүйесінің бағаны үстіне құлап, аяғын жарақаттағанын айтып шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында қала тұрғыны Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жазды.

«Сығанақ көшесі, 11 мекенжайында, «Sunrise» тұрғын үй кешеніне тақау маңда сағат 13:20-да бағдаршамды күтіп тұрғанымда «Сергек» бағаны құлады. Абырой болғанда бір қадам артқа шегініп үлгердім. Әйтпесе басыма құлар еді. Кімге шағымдануға болады? Өлімге бір қадам ғана қалдым», - деп жазды елордалық әйел.

Сонымен қатар ол бағанадан зардап шеккен аяғының гипспен оралған суретін көрсетті және өзінің жұмыссыз қалғанын атап өтті.

Бұл шағымға қалалық полиция департаменті жауап берді.

«Осы жылдың 23 қазанында Сығанақ көшесі бойында «Sunrise» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде жолдан өтпек болған 45 жастағы әйел «Сергек» камералары ілінген металл бағанның құлауы салдарынан аяғын жарақаттап алды. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады, тексеру жүріп жатыр»,- деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


回到顶部