今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сарапшылар мұнай бағасы 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін екендігін айтты

20 一月 2022 16:30

АНКАРА. Анадолы -ҚазАқпарат - Бейсенбі күні халықаралық нарықта Brent маркалы мұнайдың баррелі 88,29 доллар бағасында сатылып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

20 қаңтар күні сағат 09:16-да Brent мұнайының бағасы 0,16 процентке қысқарды – баррелі 88,29 доллар болды.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 85,76 долларды құрады.
Мұнайдың арзандауына АҚШ-тағы шикі мұнайдың коммерциялық қоры салыстырмалы түрде өсті деген болжа ықпал етті.
Сонымен бірге, сұраныстың тұрақты түрде қалпына келуі және жеткізілімнің уақытша қысқаруы мұнай бағасының өсуін шектейді.
Йемендегі хуситтердің БАӘ-ге шабуылы және Ресей, АҚШ және НАТО арасындағы Украина үшін шиеленістің ушығуы жеткізілімді қысқарту мүмкін.
Сарапшылар COVID-19-ға қарамастан, ұсыныс сұранысты қанағаттандырмаса, алдағы айда мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін деп болжап отыр.

Еске салсақ, кешегі мәлімет бойынша Brent мұнайының бағасы сегіз жылдан бері алғаш рет 89 доллардан асты.



回到顶部