今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Румыния Парламенті Қазақстанмен қарым-қатынасты жандандырмақ

23 七月 2021 17:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Румыния Парламенті Сенатының Төрайымы Анка Драгумен Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемовты қабылдады. Тараптар екіжақты байланыстардың жай-күйі мен келешегін талқылап, парламентаралық байланыстардың даму деңгейінің жоғары екендігін атап өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

А. Драгу Елшіліктің бастамаларын толық қолдайтынын және оларды жүзеге асыруға, сондай-ақ екіжақты форматтағы, әсіресе сауда-экономикалық саладағы басқа да жобаларға қатысуға қызығушылық білдірді. Ол Қазақстан тарапына Румынияның ұлы ақыны Михай Эминескудің жақын арада Нұр-Сұлтанда ашылуы жоспарланған бюстін орнату туралы шешімі үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Сенат төрайымы бұл маңызды мәдени оқиғаны еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бухарестте «Қазақстан» скверінің ашылуымен бірге екі халық арасындағы достықтың жарқын көрінісі ретінде қарастыратынын айтты.

Тараптар сондай-ақ Румынияда қазақтың ұлы композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының және Қазақстанда ұлы румын композиторы Джордже Энескудің бюстін ашуға арналған іс-шараларды талқылады.








回到顶部