今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде коронавирус жұқтырғандар жаңа максимумға жетті

17 十月 2021 18:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші 34 303 –ге артып, жалпы саны 7 992 687 адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл – елде тәулік ішінде вирус жұқтырғандар саны жағынан қатарынан төртінші максимумы. Ауруға шалдыққандардың өсімі 0,43 пайызды құраған. Атап өткенде, тәулік ішінде Самара облысында 896 оқиға анықталса, Нижегород облысында 711, Воронеж облысында 673, Башқұртстан Республикасында 661 және Пермь өлкесінде 594 жаңа оқиға тіркелді.

Қазіргі кезде қауіпті вирусқа шалдығып ем алып жүргендер саны 768 751 адамға жетті, деп хабарлады штабтан.

Ал коронавирустан жазылып шыққандар саны тәулігіне 18 717 адамға артып, жалпы 7 000 624 адам болды.

Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны тәулігіне 997 оқиғаға артты (бұдан бір күн бұрын – 1 002 оқиға), жалпы 223 312 адам көз жұмған. Жалпы саны 2,79% деңгейінде (соңғысы пандемия аяқталған соң белгілі болады) сақталып отыр.


回到顶部