今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде алғаш рет коронавирустан бір тәулікте 1 мыңнан астам адам көз жұмды

16 十月 2021 16:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейде алғаш рет коронавирустан өлім оқиғалары тәулігіне 1 мыңнан адамнан асты. Бұл сенбі күні елдің коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі федералдық жедел штаб жариялаған жаңа мәлімет көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Эпидемия басталғаннан бастап Ресейде коронавирус салдарынан 222 315 өлім оқиғасы тіркелді.

Қауіпті вирустан көз жұмғандар саны (соңғысы эпидемия аяқталған соң ғана белгілі болады) 2,79 пайыз деңгейінде қалып отыр.
Атап өткенде, тәулік ішінде қауіпті вирустан Мәскеуде 72 өлім оқиғасы тіркелсе, Санкт-Петерборда 67 адам, Краснодар өлкесінде – 41 адам, Свердлов облысында – 38, Башқұртстанда – 36, Ростов облысында – 33, Ставрополь өлкесінде – 32 адам көз жұмды.


回到顶部