今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ресей компаниялары «Астана» қаржы орталығында жұмыс істеуге мүдделілік танытуда

26 五月 2022 18:34

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) табысты жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Бішкектегі Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы орайда бұл орталық өте тиімді халықаралық алаң болып тұр. АХҚО ағылшын құқығына сәйкес қызмет етіп жатыр. Атап айтқанда, ресейлік және басқа да компаниялар тарапынан Халықаралық қаржы орталығының жұмысына жоғары қызығушылықты байқап отырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгін Бішкектегі Еуразиялық экономикалық форумға келгендерді «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен жан-жақты танысуға шақырды.

«Ресейден Қазақстанға 200-ден астам кәсіпкер келіп, аталған қаржы орталығының алаңында орналасты. Осы орайда тиісті ведомстволардың басшыларына ресейлік кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасау туралы тапсырма бердім», - деді Қазақстан Президенті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды.

Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды.


回到顶部