今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент: Азаматтық қоғам институттарын барынша қолдау керек

21 十月 2021 12:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтық қоғам институттарын барынша қолдау керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынас саласына жүйелі сараптама жүргізуде. Бұған қоса, министрлік қандай да бір кикілжің туындаған кезде тиімді әрекет жасаудың әдіс-тәсілдерін айқындайды. Барлық деңгейдегі әкімдер ұсынымдарды сапалы орындауға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл жұмыста Ассамблеяның тәжірибесіне арқа сүйеген жөн екенін баса айтты.

«Сондай-ақ Бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін азаматтық қоғам институттарын барынша қолдау керек. Тиісті лауазымды тұлғалар олардың қызметінің үйлесімді болуына тікелей жауап береді. Бұл салада салғырттық пен қателікке жол беруге болмайды. Осыны әркім есте сақтауы қажет», - деді ҚР Президенті.


回到顶部