今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда жүргіншілер өткелінде ер адамды көлік қағып кетті

26 十月 2021 14:41

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жүргіншілер өткелі арқылы көшені кесіп өтпек болған ер адамды жеңіл көлік соғып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Петропавлдағы Сәтпаев көшесінде болған.

Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік абайсызда жүргіншіні соғып, зардап шеккен ер адамды жедел жәрдем машинасы алып кеткен.

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 25 қазан күні сағат 20.00 шамасында «Toyota» маркалы көліктің 42 жастағы жүргізушісі Сәтпаев көшесіндегі реттелмейтін жүргіншілер өткелінде 43 жастағы Петропавл тұрғынын қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасында ер адам жарақат алып, емдеу мекемесіне жеткізілді. Көлік жүргізушісінің спирттік ішімдік ішпегені анықталды.

Машина арнайы автотұраққа қойылды.

Әкімшілік құқық бұзу фактісі бойынша жиналған материал Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік бөліміне процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.



回到顶部