今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда мейрамхананың жанында екі адамды көлік қағып кетті

5 十二月 2021 23:42

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда мейрамхананың жанында екі адамды көлік қағып кетті. Видеоны куәгерлер әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Instagram желісіндегі tipavlo-да парақшасында жедел жәрдем және патрульдік полиция көліктері түсірілген видео пайда болды.

- Омбы тас жолында, «Джучи» мейрамханасының жанындағы өткелде 2 жаяу жүргіншіні қағып кетті, - делінген видеода.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендерді жедел жәрдеммен №1 қалалық ауруханаға жеткізгенін хабарлады.
- Оларға аяқ-қолдардың сынуы диагнозы қойылған, бірақ шок алмаған, естерін біледі, - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер барлық қажетті емді алады.


回到顶部