今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пандемияда кітап пен теледидарға қызығушылық артты – Аида Балаева

16 九月 2021 15:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус пандемиясы көрермендердің теледидарға қызығушылығын арттырды. Карантин кезінде қазақстандық арналардың рейтингі 27%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева XVII Еуразиялық медиа форумда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үйдегі шектеулі кеңістікте мәжбүрлі уақыт өткізу ақпарат алудың дәстүрлі тәсілдерінде де қызықты өзгерістерге әкелді. Адамдар ең қиын кезеңдерде позитив іздейді. Осындай фактілердің бірі – интернет сегментіндегі оқырман сұранысының артуы болды. «ЛитРес» компаниясының есебіне сәйкес, 2020 жылы елде Android платформасында электронды кітаптарға сұраныс 50%-дан астам өскен. Сарапшылар атап өткендей, онлайн-сегменттің кеңеюі пандемия кезінде бірқатар баспа үшін «қауіпсіздік жастығына» айналды», - деді министр форумның «Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық өмір сүрудің жаңа бағыттарын қалай анықтады?» сессиясында.

Министр карантиннің кітап қорын жаңа шығармалармен толықтырып, жазушылардың шығармашылық ойының катализаторына айналғанын атап өтті.

«Пандемия көрермендердің теледидарға деген қызығушылығын да арттырды. Карантин кезінде қазақстандық арналардың жалпы рейтингі 27%-ға өсті. Әрине, бұл мені Ақпарат министрі ретінде қуантады.

Пандемия экономикаға айтарлықтай әсер етті. Макроэкономиканы алар болсақ, ол жаһандық мәнде 4,3 пайызға қысқарды, бұл 2009 жылғы жаһандық қаржы дағдарысындағы көрсеткіштен 2,5 есеге көп», - деді министр.


回到顶部