今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды - Павлодар облысы

29 七月 2021 05:20

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жарақаты салдарынан моторлы қайықты жүргізе алмай қалған ер адамды өзен ағысы алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

112 басқару пультіне Ақсу қаласындағы «Нефтебаза» аумағында кішкентай қайыққа мінген ер адамның қиын жағдайға тап болғаны туралы хабар келіп түскен.

Павлодар облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, қайықтағы ер адамды құтаруға 6 адам келген. Олар 1981 жылы туған ер адамды құтқарып қалды. Жарақат алған тұрғынның қайықты басқаруға шамасы келмеген. Салдарынан Ертіс өзені су көлігін ағыс бойымен алып кеткен.

Осы ретте мамандар өңір тұрғындарын қайықтарды пайдалану кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

- Қайықты немесе өзге де шағын су көлігіне шамадан тыс жүк артпаған дұрыс. Қайықты құтқару жабдықтарынсыз, сондай-ақ мас күйде басқаруға тыйым салынады. 7 жастан аспаған балаларды алып жүрмеу керек, - дейді департаментте.


回到顶部