今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстан Президентінің сенімді өкілі: Екі елдің алыс-берісін дамытуға әзірміз

22 九月 2021 16:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстан Респбликасы Президентінің Науаи облысындағы сенімді өкілі, Өзбекстан Республикасының Зүлфия атындағы мемлекеттік медаль иегері, кәсіпкер, қандасымыз Мерей Аманбаева «Бастау бизнес» бағдарламасының 5 жылдығына арналған форумға қатысып, көрші ел басшысының сәлемін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бауырлас Өзбекстан кәсіпкерлері атынан осы форумда сөзге шыққаныма өте қуаныштымын. Сіздерге де көп-көп алығысымды білдіремін. Қазақстанда болып жатқан жаңалықтарды Өзбекстандағы қазақтар көріп отырамыз. «Бастау бизнес» жобасы туралы біз бір жыл бұрын естігенбіз. Кеше келген сәттен бері жоба бойынша біраз мәліметтер алдым. Бұл жоба көптеген мүмкіндіктер береді екен. Біздің мемлекетімізде де - Өзбекстанда осындай жастарға арналған жобалар мен мүмкіндіктер бар. «Бастау» жобаларының қатысушылары мен біздің елдің кәсіпкерлері экспорт-импорт бойынша келісімшарттар жасап, алыс-берісті дамытады деген ниеттемін» - деді қандасымыз.

Сондай-ақ, ол жоба қатысушыларына өз елінің Президентінің сәлемін жеткізді.

«Жоба түлектерінің «Форбс» журналынан орын алуына тілектеспін. Баршаңызды Қазақстанда көріп тұрғаныма қуаныштымын. Сіздерге Өзбекстан Республикасы Президентінің сәлемін жеткізгім келеді. Бізде де кәсіппен айналысатын қазақтар өте көп. Достығымыз әрі қарай жалғаса берсін», - деді өзбекстандық кәсіпкер.


回到顶部