今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстан мен Ауғанстан өкілдері шекара мәселесін талқылады

17 十月 2021 15:27

ТЕРМЕЗ. ҚазАқпарат – Термез қаласында Өзбекстан мен Ауғанстан делегацияларының жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстан Республикасы Инвестиция және сыртқы сауда министрлігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан делегациясын премьер-министр орынбасары, ӨР Инвестиция және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков басқарса, ауғандық тарап атынан уақытша үкімет басшысы орынбасарының міндеттерін атқарушы Абдул Салам Ханафи келді.




Келіссөздер барысында түрлі минстрліктер мен ведомство өкілдері шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инвестиция, өзара сауда, энергетика, халықаралық жүк тасымалы және транзит салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін ортаға салды. Қатысушылар сондай-ақ, білім беру және гуманитарлық саладағы байланысты дамыту жайында пікір алмасты. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, соның ішінде «Сурхан – Пули-Хумри» электр тасымалдау желісі және «Термез – Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар» темір жолы құрылысына ерекше көңіл бөлінді.
Кездесу соңында талқыланған мәселелер бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол жеткізілді.








回到顶部