今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Отандық телеарналар Қазақстан мен Бельгия ынтымақтастығы туралы деректі фильмді көрсетеді

5 十二月 2021 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің телерадиокешені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияға сапары қорытындысына арналған «Қазақстан мен Бельгия: диалог форматында» деректі фильмінің көрсетілетіндігін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Деректі фильмде Қазақстан Президентінің Бельгия Корольдігіне ресми сапары жайында баяндалады. Фильмде екіжақты деңгейде, сонымен қатар Ынтымақтастық пен серіктестікті кеңейту туралы келісім аясында Еуропалық одақ деңгейінде өткен келіссөздердің қорытындысы көрсетілген. Сонымен қатар фильмде саяси қайраткерлердің, қазақстандық және еуропалық бизнес көшбасшыларының эксклюзивті сұхбаттары ұсынылады», - делінген Президент телерадиокешені таратқан ақпаратта.

Жаңа фильм таяу уақытта еліміздің телеарналарында көрсетілмек.

Айта кетейік, 25 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияға ресми сапары осы елдің королі Филиппен кездесуден басталды.

Кездесуде Мемлекет басшысы келесі жылдың қыркүйек айында елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтетінін айтты. Сол маңызды іс-шараға Король Филипп те қатысады деп үміттенетінін жеткізді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Премьер-Министрі Александр Де Кроомен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударды.


回到顶部