今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскеменде трактор мен автобус соқтығысты

27 一月 2022 23:29

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында трактор мен автобус соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 27 қаңтарда таңғы сағат 07.00 шамасында болған. Е.П. Славский атындағы жағалау көшесі мен Әуезов даңғылының қиылысында трактор мен автобус соғылды.

«Беларус» тракторын тізгіндеп келе жатқан 62 жастағы азамат бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, жасыл жанғанда жүрген қоғамдық көлікке жол бермей қойған. Абырой болғанда, жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері трактор жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды.


回到顶部