今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскеменде қыста жол тазартатын жаңа техникалар сатып алынуда

17 一月 2022 21:30

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қыста жол тазартуға арналған жаңа техникалар сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, «Таза Өскемен» КМК-ға жаңа техникалар алынуда.

«Былтыр кәсіпорын паркі 17 заманауи техникамен толықты. Ең әуелі қала көшелерін тазалау процесін айтарлықтай жеделдеткен екі итальяндық вакуумді сыпыру-жинау көлігі сатып алынған. Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілерге арналған жолды тазалайтын арнайы 5 трактор тәулік бойы жұмысқа тартылып отыр. Сонымен қатар бес жаңа МТЗ тракторы да пайдалануға берілген», - деді бөлімнің баспасөз хатшысы Владимир Землянский.

Қыста да, жазда да жұмысқа тартылатын 5 КамАЗ көлігі де техникалар қатарын толықтырған. Барлық жаңа техника жоғары тиімділікті көрсетуде. Автопаркті жаңарту жұмыстары келесі жылы да жалғасады.


回到顶部