今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде бөтеннің көлігін айдап кеткен 3 жасөспірім ұсталды

26 十月 2021 03:27

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында бөтеннің көлігін айдап кеткен 3 жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 48 жастағы ер адам полицияға қоңырау шалды. Өз сөзінде ол таңғы сағат 06.00 шамасында белгісіз біреулердің «ВАЗ-2105» маркалы көлігін айдап кеткенін жеткізді. Осының салдарынан жәбірленушіге 800 мың теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілген.

Полиция қызметкерлері бірден іздестіру шараларына кірісті. Көп ұзамай жедел басқару орталығы камераларының көмегімен көліктің қай бағытта жүргені анықталды. Тәртіп сақшылары сол жерге жеткенде 3 жасөспірім көлікті тасжолға тастап, орманға қарай қашып бара жатқан. Олардың соңына түскен полицейлер 14-17 жас аралығындағы шаһар тұрғындарын ұстады.

«Олар автокөлікті қыдыру үшін айдап кеткендерін айтты. Белгілі болғандай, көлікте дабыл жүйесі болмаған. Кәмелетке толмаған жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ балалардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», - деді басқармасы бастығы Андрей Мула.


回到顶部