今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде 11 және 12 жасар екі баланы көлік қақты

18 六月 2021 17:28

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 2 баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін түскі уақытта Карбышев көшесінде болған.

«ВАЗ» маркалы автокөліктің 25 жастағы жүргізушісі Гагарин бульварына қарай жүріп келе жатып реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелет жасына толмаған екі баланы қағып кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Әр түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 11 және 12 жастағы ұлдар жедел түрде ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы (жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


回到顶部