今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өрттен шыққан қою түтін алматылықтардың зәресін алды

25 七月 2021 15:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үш қабатты ғимараттың шатыры жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желіде өрт туралы бейнежазба тарап кетті. Куәгерлер Горный гигант аймағында көлік жуу қызметін көрсетуші ғимараттың өртеніп жатқанын хабарлады.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 25 шілде күні сағат 13:50-де құтқарушылардың Горный гигант, Ахмедияров көшесі, 20 мекенжайына шыққанын хабарлады.

Сағат 13:57-де келген төтенше жағдай қызметкерлері 3 қабатты ғимараттың шатыры қаулап жанғанын анықтады.

«Жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралу қаупі туындады. Дереу өрт сөндіруі оқпандары қолданылып, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды. Өрт орнында жедел штаб құрылды. Энергиямен қамтамасыз ету қызметі нысанды тоқтан сөндірді. Қысқа мерзімде өрттің таралу қаупі тоқтатылып, 25 минут ішінде өрт сөндірілді», – деп нақтылады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.




回到顶部