今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Оңтүстік-Қытай теңізінде F-35 жойғыш ұшағы апатты жағдайда қонды

25 一月 2022 16:34

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – F-35 жойғыш ұшағының АҚШ ӘТК «Карл Винсон» авиатасымалдағышына апатты жағдайда қонуынан жеті теңізші зардап шекті. Бұл туралы АҚШ Тынық мұхиты флотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаға сәйкес, Оңтүстік-Қытай теңізіндегі жазғы жоспарлы операцияларды атқару барысында «Карл Винсон» авиатасымалдағышының палубасына F-35 Lightning II жойғыш ұшағын қондыру кезінде келеңсіздік туындаған. Ұшқыш сәтті катапульта жасап, әскери тікұшақпен құтқарылды. Денсаулығы қалыпты жағдайда.

Оқиға салдарынан жеті теңізші зардап шекті, олардың үшеуі Филиппин ауруханасына жеткізілді. Төртеуіне штаттағы дәрігер мамандар медициналық көмек көрсетті.

Оқиға себептері анықталып жатыр.



Фото: www.navalnews.com


关键词: Оқиға, Әлем,
回到顶部