今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда жастарға арналған қызмет көрсету орталықтары ашылады

20 九月 2021 18:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл жыл соңына дейін елордада жастарға арналған 3 орталық іске қосылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл маусымда ашылған жастарға қызмет көрсету орталығы әзірге қала бойынша біреу ғана. Елордада тұратын халықтың санын ескере отырып, биыл жылдың соңына дейін елорданың барлық аудандарында аталған орталықты ашу жоспары бар. Яғни қазір тек Сарыарқа ауданында болса, жыл соңына дейін қалған 4 ауданда жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады. Жылдың соңына дейін 5-мыңға жуық жастың мәселесін қарап, тиісті кеңес, нұсқаулық беру жоспарда бар. Және бұл бірмезеттік шаруа емес, алдағы уақытта одан әрі жетілдіріп, орталық қызметі жандана түседі», - деді Аян Ерментаев.




Оның айтуынша, аталған орталықтар Есіл, Алматы және Байқоңыр ауданы аумағында ашылмақ.

«Біз жастарға бірнеше бағыт бойынша кеңес береміз. Атап айтқанда, жұмысқа орналасу, кәсіптік бағдар беру, аула клубтарын дамыту, құқықтық кеңес беру және жастар арасында еріктілер қозғалысын дамыту. Күн сайын қаламызда жүздеген адам жұмыс іздейді, соның үштен бірі 20-29 жас аралығындағы жастар. Осы орайда біздің орталық жастарға лайықты жұмыс тауып, тәжірибе жинауына жәрдемдеседі. Сондай-ақ, апта сайын жастарға арналған тегін тренингтер өтеді. Ондағы мақсат – жастар жұмысқа орналасуда немесе өз идеясын жүзеге асыруда кездесетін кедергілерді еңсеру, жеке дағдыларды қалыптастырып, көпшілікпен оңай тіл табысуға үйрету», - дейді елордадағы жастарға арналған қызмет көрсету орталығының қызметкері Анар Балтабаева.




Бұған дейін елордада алғаш рет ашылған жастарға арналған қызмет көрсету орталығының қызметімен таныстырған едік.





回到顶部