今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтан полицейлері қару иелерін тексеріп жатыр

16 六月 2021 19:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атыс қаруын қолданумен болатын қылмыстарды ескерту мен болдырмау, азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында астана аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтық, қызметтік және марапат қарулары иелерін тексеру ұйымдастырылды. Заңсыз айналымнан тіркелмеген атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және қондырғыларды анықтау мен тәркілеу бойынша шаралар жүргізілуде.

Профилактикалық шараның басынан 104 қаруды сақтау және алып жүру ержесін бұзу фактісі, 112 қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзу фактісі анықталды. Барлық айыптылар әкімшілік жауапқа тартылды.

Барлығы заңсыз айналымнан 28 заңсыз сақталған қару және иір ойықты мылтықтың 71 патроны тәркіленді. Айналым ережелерін бұзғаны үшін 319 тіркелген қару тәркіленді.

Рейд жүргізу барысында сағат 03.40-та Жансүгіров және Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысында 43 жастағы жүргізуші ұсталып, автокөлігінің салонынан тапанша табылды. Арнайы маманның қорытындысы бойынша, тапанша газды қару болып шықты, зауыт тәсілімен дайындалған және атуға жарамды. Ер адамның газды қаруды алып жүруге рұқсаты болмағаны анықталды. Тергеу жүргізілуде.


关键词: Нұр-Сұлтан, Заң,
回到顶部