今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс ЕАЭО елдерімен энергетикадағы ынтымақтастыққа қатысты құжатты мақұлдады

16 六月 2021 11:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы негізгі шартқа 2014 жылғы 29 мамырда Беларусь, Қазақстан және Ресей арасында қол қойылды. Армения 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған Армения Республикасының қосылуы туралы шарт аясында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылды, оны барлық мүше мемлекеттер ратификациялады және 2015 жылғы 2 қаңтарда Армения оның толық құқылы мүшесі болды.

«Бұл ретте Шартқа №21 қосымшаның баға белгілеу және тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға қосымша болып саналатын мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдістемесі бүгінгі күні ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағы бойынша электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде Арменияға өз қолданысын таратпайды. Осыған байланысты, 2017 жылғы 3 наурызда Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің өкімімен Армения Республикасының қосылуына байланысты ЕАЭО шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлданды. Хаттаманың мақсаты - Арменияның Шартқа қосылуына байланысты мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасын айқындау болып отыр», - деді ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, Хаттаманы ратификациялау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен, оның ішінде Армения Республикасымен ұзақ мерзімді келешекте электр энергетикасы саласындағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Халықаралық шарттың реттеу мәні баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға Армения Республикасының қосылуын ескере отырып, Одаққа мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыру болып саналады. Бүгінгі күні хаттаманы Қазақстаннан басқа барлық мүше мемлекеттер ратификациялады. Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды, мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарды талап етпейді», - деді министр.


回到顶部