今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Матрица: Қызылорда мен Маңғыстау облыстары «қызыл аймаққа» өтті

21 四月 2021 10:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда мен Маңғыстау облыстары «сары аймақтан» «қызыл аймаққа», Солтүстік Қазақстан облысы «сары аймақтан» «жасыл аймаққа» өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 21 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.


«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.

«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары тұр.

«Жасыл аймақта» Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары ғана.

Қазақстан Республикасы «қызыл аймақта» орналасқан.


回到顶部