今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысында карантин шаралары күшейтілді

24 七月 2021 18:18

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Маңғыстау облысы «қызыл» аймақта тұр.

«Өңірдегі барлық қала, аудандардағы объектілер өз қызметін «қызыл» аймақтың талаптары бойынша жүзеге асыратын болады. «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, қалааралық, облысаралық, қалалық автобус тасымалдары, жабық жағажайлар мен аквапарктердің қызметі тоқтатыла тұрады. Демалыс және мереке күндері «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандар қызметіне тыйым салынады. Олардың ішінде «Ashyq» жобасына қосылмаған қоғамдық тамақтану орындарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармонияның, компьютерлік клубтардың, боулинг, бильярд, караоке залдарының және діни мекемелердің қызметіне тыйым салынады», - делінген құжатта.

Жұмыс күндері қызметін шектеу «Ashyq» жобасының қатысушылары қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорт - 20:00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілер 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, Фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер - сағат 20:00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандар сағат 17: 00-ге дейін қызметін жалғастырады. Кинотеатр – «Ashyq» жобасының қатысушылары үшін 20:00-ге дейін ашық.

Ал балалар ойын-сауық орталықтары, ашық және жабық нарықтар 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Барлық ұйымдар үшін қызметкерлердің 80% үшін қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуі тиіс.


回到顶部