今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Манчестер Сити» футболдан Англия чемпионы болды

23 五月 2022 01:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропалық бірқатар елдерде футбол біріншіліктері мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағылшын Премьер-лигасында чемпион атағын жеңіп алған команда соңғы турда анықталды. Оған «Манчестер Сити» және «Ливерпуль» үміткер болды. 38-турда «Манчестер Сити» «Астон Вилланы» 3:2, «Ливерпуль» «Вулверхэмтонды» 3:1 есебімен сүріндірді.

Нәтижесінде 92 ұпай жинаған манчестерлік клуб чемпион атанса, олардан бір ұпайға кем түскен ливерпульдік команда екінші орынды місе тұтты.

Сондай-ақ, Италияның А сериясында да алтын медаль анықталды. Он жылдан астам уақыттан кейін «Милан» чемпиондық тұғырға көтерілді. Одан кейінгі орындарды «Интер» және «Наполи» командалары өзара бөлісті.

Ал 21 мамырда Францияның бірінші лигасы мәресіне жетті. Чемпион атағы «Пари Сен-Жермен» командасына бұйырса, жүлдегерлер қатарынан «Марсель» мен «Монако» көрінді.

Германия бундеслигасы 14 мамырда доп додасын қорытындылаған еді. Он жыл бойы қатарынан «Бавария» бас жүлдені ешкімге ұстатпай келеді. Одан кейінгі орындарды «Боруссия Дортмунд» және «Байер» командалары еншіледі.

Дәл қазір Испания примерасында 38-тур ойындары өткізілуде. Бірнеше тур бұрын «Реал Мадрид» алтын медальға ие болса, «Барселона» күміс жүлдегер атанды. Ал үшінші орыннан «Атлетико Мадрид», «Севилья» және «Бетис» командалары үміткер болып отыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Қайсар» көш басына шықты.



作者 Әділжан Үмбет
关键词: Спорт,
回到顶部