今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мал ұрлығымен айналысқан 112 қылмыстық топ ұсталды

29 十一月 2021 12:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 112 қылмыстық топ ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстық кодекске мүлкін тәркілеп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жазаны көздейтін «мал ұрлығы» жеке бабы енгізілді. Осы бап негізінде үй-жайларға кіріп мал ұрлайтындарға жаза күшейтілді. Сондай-ақ бұл бап ұрылардың жәбірленушілермен татуласу арқылы жауапкершіліктен жалтаруына жол бермеуге және ұрлықтың алдын алуды күшейтуге мүмкіндік берді», - деді ресми өкіл ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, мал ұрлығының топтық түрімен күресу үшін өңірлерде жедел-іздестіру топтары жұмыс істейді. Олар мал базарлары мен мал сою орындарында арнайы рейдтер жүргізеді.

«Жыл басынан бері полиция 800-ден астам мал ұрлығын, оның ішінде 112 қылмыстық топты ұстады. Ұрланған 7 мың малдың 4 мыңға жуығы табылып, қайтарылды»,- деді Нұрділдә Ораз.


回到顶部