今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылордада абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды

21 五月 2022 17:22

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Қараөзек ауылында абайсызда арыққа құлап кеткен бес жастағы ұл бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 21 мамырда сағат 12:00 шамасында болған. Қызылорда қаласына қарасты Қараөзек ауылында тұратын 2017 жылғы сәби балалармен бірге дүкенге шығып кеткен.

«Сәби абайсызда ауылға кіре берісте орналасқан арыққа құлап кетіп, сол жерде қаза болған. Ауыл тұрғындары оның жансыз денесін өз күшімен шығарып алған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада суға батып кеткен оқушының денесі табылды.


回到顶部