今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында мүгедектігі бар азаматтарға арналған модельді пәтер таныстырылды

1 十二月 2021 03:19

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында мүгедектігі бар адамдарға арналған модельді пәтердің тұсаукесеріне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап.

Вице-министр Талсуат ауылындағы Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығында болды. Онда оған және Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Беришке ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы іске асырған мүгедек адамдарға арналған модельді пәтер салу жөніндегі пилоттық жоба таныстырылды.

Жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік оңалтуға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Оның міндеті – кресло-арбамен қозғалатын адам үшін заманауи ыңғайлы пәтердің моделін жасау. Ол үшін Оңалту орталығынан үй-жай бөлініп, ол кіреберістен, залдан, жатын бөлмеден, ас үйден және дәретхана бөлмесінен тұратын екі бөлмелі пәтер ретінде жабдықталды.

Жобалық шешімдер кедергісіз тұрғын үй ортасын құру бойынша нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келтірілген. Сонымен, дәретхана бөлмесінің есіктері мен өлшемдері ұлғайтылды, тұрмыстық және психологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ететін түрлі көмекші құрылғылар орнатылды.

Модельді пәтер мүгедектігі бар адамның кресло-арбадағы еркін жүріп-тұруына толықтай бейімделген және тұрмыстық техникамен, арнайы жиһаздармен және құрылғылармен жабдықталған.

«Мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік объектілерді бейімдеу-кедергісіз орта құру жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі. Біз инфрақұрылымды құру, сондай-ақ мүгедек адамдарды оңалту бөлігінде стандарттар бойынша жұмыс істейміз. Бұл жоба – министрлік пен БҰҰДБ ынтымақтастығының тағы бір сәтті үлгісі. Ол халықтың қауқары аз топтарының мұқтаждықтары үшін үй-жайларды пысықтау есебінен әлеуметтік-тұрмыстық оңалту технологиясын құруға бағытталған», – деп атап өтті Руслан Сәкеев.

Қазақстанда мүгедектігі бар 695 мың адам тұрады, оның ішінде 15 мың адам жүріп-тұру үшін кресло-арбаны пайдаланады.

Осы жобаны іске асыру шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу мен оңалтудың әдістемелері мен технологиялары әзірленеді, олар кейіннен елдің оңалту орталықтарының жұмыс практикасына енгізіледі.




回到顶部