今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қырғызстанда 111 жекеменшік клиника жабылады

19 五月 2022 08:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырғызстанда лицензиялық талаптарды орындамаған 111 жекеменшік клиника жабылады, делінген Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Таратылған мәлімет бойынша, биылғы жылдың 6 сәуірінде елдің Денсаулық сақтау министрлігінде жекеменшік медицина ұйымдарының лицензиялық талаптарға сәйкестігін тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Республика бойынша барлығы 370 емхана/кабинет тексерілген.

Оның қорытындысына сәйкес, медициналық қызмет түрлерін көрсетуге арнайы лицензиясы жоқ немесе қызметі лицензия талаптарына сәйкес келмейтін мекемелердің жабылуына қатысты 111 акт түзілді.

Инфекциялық бақылау стандарттарын сақтамағаны үшін 148 жеке кабинет/емханаға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық ұйғарым шығарылып, айыппұл салынады. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталықтарына шара қолдану жөнінде нұсқаулықтар жіберілді.


回到顶部