今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Күш-жігеріміз сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталуы маңызды – Тоқаев

27 五月 2022 17:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЕАЭО құрылғаннан бері Қазақстанның өзара сауда айналымы 33 пайызға, экспорты 55 пайызға артты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Одақтың жұмысы басталған уақыттан бері Қазақстанның өзара сауда-саттық көрсеткіші 33 пайызға, ал экспорты 55 пайызға артты. Қазақстанда 15 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың саны артып келеді. Бұл қуанарлық жайт. Аталған көрсеткіштер біздің интеграциялық ықпалдастығымыздың табыстылығын көрсетеді. Ортақ күш-жігеріміздің алдағы уақытта да азаматтарымыздың игілігі жолындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынын дамытуға бағытталғаны маңызды деп санаймын. Мұны жаһандық сын-қатерлер алдындағы біздің «ұжымдық иммунитетімізді» нығайтудың кепілі деп білемін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге Президент Қазақстанда 15 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін және олардың саны артып жатқанын жеткізді.

«Бұл қуанышты құбылыс, көрсеткіштер біздің интеграциялық өзара іс-қимылымыздың табысты екенін көрсетеді. Жалпы біздің азаматтарымыздың игілігі үшін күш-жігеріміз сауда-экономикалық ынтымақтастықты серпінді дамытуға бағытталуы маңызды деп санаймын. Бұл - жаһандық сын-тегеуріндерге қарсы ұжымдық иммунитетіміздің нығаюының кепілі», - деді Қазақстан Президенті.


回到顶部