今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Йокерит» командасымен кездеседі

18 九月 2021 15:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында Финляндияның «Йокерит» (Хельсинки) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 19.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 13 мәрте шеберлік байқасты.

Оның жетеуі «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында латвиялық клубтың мерейі үстем болды.

Еске салсақ, турнирдің биылғы алғашқы үш ойынында елордада ресейлік «Салават Юлаевтан» 1:5, «Металлург» (Магнитогорск) клубынан 1:2 есебімен жеңілді.

Одан кейін «Амур» (Хабаровск) командасынан 3:2 есебімен басым түсіп, төртінші ойынында ресейлік тағы бір клуб «Спартак» (Мәскеу) командасына 1:4 есебімен жол берді.

Ал Ресейде өткен ЦСКА командасымен ойында 6:3 есебімен жеңіске жетсе, Латвияда «Динамо» (Рига) командасына 2:3 есебімен есе жіберді.


作者 Әділжан Үмбет
关键词: Спорт,
回到顶部