今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Куәгер бес жастағы баланың мүрдесін қоқыстан қалай тапқанын айтты

19 五月 2022 21:41

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Сарқан ауданында бес жастағы қыз баланың денесін қоқыстан тапқан куәгер оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас киім киген кішкентай баланың басы қоқыста жатқанын сарқандық тұрғын Мәди Мұхаметқалиевтің балалары көріпті. Әкесі балаларынан сұмдық жайтты естіп, дереу оқиға орнына барған. Полицияны шақыртқан.

«Осыдан екі күн бұрын, яғни 17 мамыр күні түскі сағат 11:00 шамасында үйде демалып жатқанмын. Ұлым келіп «Әке, әке! Ана жерде нәрестенің сүйегі жатыр. Көріңізші, көріңізші?« дейді. Келсем, тура осы қоқыстың жанында баланың бас сүйегі жатыр. Еті ағып кеткен. Денесі төменде жатыр екен. Басы бір бөлек, денесі бір бөлек жатты», - деді Мәди Мұхаметқалиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Мәди Мұхаметқалиев оқиғаның өткеніне екі күн болса да әлі өз-өзіне келе алмай жүргенін айтады.




«Жануар да өз баласын қорғайды, мынау енді сұмдық қой. Баланың өлі денесі қоқыста жатыр. Әлі дұрыстап тамақ іше алмай жүрмін. Өзім де бала өсіріп отырмын. Бала киімімен жатты», - деді Мәди Мұхаметқалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Сарқан ауданында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Құзырлы органның ақпаратына сәйкес, бүгін баланың анасы анықталды. Ол 2002 жылы туған Сарқан қаласының тұрғыны болып шықты. Баласын 2017 жылы, яғни 15 жасында дүниеге әкелген.





回到顶部