今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚТЖ астықты үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету қамына кірісті

23 七月 2021 20:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бастамасымен биылғы астықты және күзгі жиын-терін жұмыстарына қажетті мұнай өнімдерін тасымалдау мәселесіне қатысты жиын өтті. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Азық-түлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ, «Астықтранс» АҚ өкілдері, трейдерлер, көлік және экспедиторлық компания басшылары қатысты, деп хабарлайды аталған компанияның ресми сайты.

Жүздесу барысында жаңа шабылған бидайды төкпей-шашпай тасымалдау үшін жүкті тиеу-түсіру және көлік қозғалысы регламентін сақтау қажеттігіне баса мән берілді. Ол үшін жүкті жөнелтушілерге кіріп-шығатын жолдарын жөндеуге, ал, эловаторларда астық тиеу жабдықтарын ертерек сайлап, демалыс және мереке күндердегі жұмыс кестесін бекіту келісілді. Сонымен қатар қарбалас кезеңде көлікті тиімді пайдалану үшін жүк жөнелтушілер астық пен ұнтақталған өнімді тасымалдауды нақты жоспарлап алғаны жөн.

«Вагондар легі ретімен пайдаланылған жағдайда жаңа егінді парктегі қолда бар көлікпен тасуға болады. Локомотив маневрлеріне келетін болса, Ақмола және Қостанай облысындағы жол бөліктерінде проблема жоқ. Дей тұрғанмен, қарбалас кезеңде локомотивке деген сұраныс артады. Осының бәрін ескере отыр, «ҚТЖ» КИ» локомотив парктерін толықтыр үшін бірқатар іс-шараларды қолғы алды», деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Оралхан Құлақ.

Қазақстан паркінде 9,3 мың дана тасымал құралы бар. Оның 6,2 мыңы астықтың 56% тасымалдауды жүзеге асыратын «АстықТранс» АҚ иелігінде. Жалпы астық тасымалдау көлігі 7% көбейді. Отандық жабық вагондар паркінде 13 мың дана болса, оның 8 мыңы «Қазтеміртранс» АҚ меншігі, шамамен 5 мыңдайы жекеде.

Мәсәлелерді шұғыл түрде шешу үшін ҚТЖ аппаратында астық тасымалдау штабы құрылды, негізгі астық тиейтін жол бөліктерінде шұғыл топ күндіз-түні жұмыс істейді.

2021 жылдың алты айында темір жол арқылы 4,7 млн ​​тонна астық тасылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% жоғары. Ол кезде 1,1 млн тонна ұнтақты өнім тасымалданған. Астық экспорты 19% көбейіп, 3,5 млн тоннаға жетті.

Астық Орталық Азия елдері, Иран, Ресей жне өзге де мемлекеттерге жөнелтіледі.


回到顶部