今日天气
阿斯塔纳 -10 °С
阿拉木图 -5 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавируспен күрес: Қызылордада медицина қызметкерінің резерві құрылды

26 十一月 2020 17:44

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір облыста коронавирус инфекциясына байланысты жағдай тұрақты. Медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде. Аймақта 3500 медицина қызметкерінің резерві құрылған.

Қызылорда қаласында 200 адамға арналған модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүргізілуде. Көпбейінді облыстық ауруханада және Қазалы ауданаралық ауруханасында демеушілер есебінен оттегі станциясы салынуда.

«Тез соғылатын модульді инфекциялық аурухананың құрылысы желтоқсан айының бірінші онкүндігінде аяқталады. Онда науқастардың ем алуына толық жағдай жасалады. Емдеу орнында жергілікті дәрігерлер қызмет атқарады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов.

Жыл басында облыста өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратының саны 76 болған еді. Қазіргі таңда олардың саны 244 данаға жетті.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада бір аптада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 17 дерегі анықталды.


回到顶部