今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирус вакцинасы паралич тудыратыны туралы хабарландыру – фейк

26 一月 2022 10:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Лондонда Хитроу әуежайының жанындағы аялдамада түсірілген сурет тарап жатыр. Сурет хабарландыру тақтасына орналастырылған. Онда бет-әлпеті өзгеріске ұшыраған қыздың бейнесі көрсетіліп, «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі ескертеді: COVID-19 қарсы вакциналар Белл параличін тудырады» деген жазу бар. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл ақпарат – жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Британдық фактчекерлер бұл баннер Ұлыбританияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) тапсырмасы бойынша орнатылғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды.
Associated Press басылымының хабарлауынша, NHS қызметінің Желіде таратылған жарнамалық постерге ешқандай қатысы жоқ. Сондай-ақ олар клиникалық және постклиникалық сынақтар кезінде вакциналар мен Белл сал ауруы арасындағы байланыс анықталмағанын атап көрсетті.
Сонымен қатар Reuters басылымы NHS баспасөз хатшысының постердің олардың ұйымына еш қатысы жоқтығы туралы айтқан мәлімдемесін жариялады. Мақалада баннердегі қыздың бейнесі кез келген адам пайдалана алатын фотосурет екендігі айтылған. Суреттегі қыздың COVID-19 қарсы вакцина салдырғаны туралы ақпарат жоқ.

«Қорыта айтқанда, баннердегі ескертуге сенуге болмайды. Әлеуметтік жарнаманы Ұлыбританияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің логотипін заңсыз пайдаланған белгісіз біреулер орналастырған. COVID-19 қарсы вакциналардың қауіпсіздігін зерттеу вакцинация мен Белл параличінің арасында ешқандай байланыс жоқ екенін көрсетті», - деп жазады stopfake.kz.


回到顶部