今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирус: БҚО-да 5 мыңнан астам адам амбулаторлық ем алып жатыр

27 一月 2022 14:27

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 5132 адам амбулаторлық ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткеніндей, пандемия басталғаннан бері өңірде 45 279 науқас тіркелді.

Жыл басынан 5209 адамнан, соңғы тәулікте 451 адамнан коронавирус анықталды.

Облыста COVID-19 диагностикасы бойынша 14 зертхана жұмыс істейді. Соңғы тәулікте 1923 зерттеу жүргізілді.

Күні бүгін 751 төсектік 14 инфекциялық стационарда 281 науқас емделуде. Соның ішінде 266-сы Орал қаласындағы 578 төсектік 8 стационарда жатыр. Жансақтау бөлімшесіндегі 15 науқастың жағдайы ауыр.

Жыл басынан бері 6 адам коронавирустан көз жұмды.

Басқармадан хабарлағанындай, облыста тұрғындарға екпе салу жұмыстары жалғасуда.

Осы кезге дейін 264 761 адам (егілуге жататын тұрғындардың 63,9 пайызы) бірінші, 248 318-і (59,9 пайыз) екінші компонентпен егілді.

Сонымен қатар 37 768 адам ревакцинациядан өтті. Pfizer вакцинасын салдырған 8137 адамның 4198-і – жасөспірімдер, 288-і – жүкті, 3651-і – бала емізетін әйелдер.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған 270-тен астам науқастың стационарда жатқанын жазған болатынбыз.


回到顶部