今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қордай шекара бекетінде күмәнді құжаттармен Қырғызстан азаматы ұсталды

17 一月 2022 14:45

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы жасырылған орынды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан мәліметке сенсек, жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік иір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

14 қаңтарда «Қордай» автокөлік өткізу пунктінде жеңіл автокөлікпен келе жатқан Қырғызcтанның С. деген азаматы ұсталды.

Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан 50 дана литерлік мөр, 4 дана шетелдік паспорт пен 20 дана банк картасы табылды.

Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.




















回到顶部