今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қор нарығында доллар арзандады

17 一月 2022 11:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 16 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,47 теңгеге төмендеп, 1 доллар 434, 37 теңге болды.

Ұлттық банктің 17 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 434,84 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 436,76 теңге, сатып алу – 438, 29 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 436,67 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 438, 47теңге.


回到顶部