今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қор есебінен бүкіл әлеуметтік мәселені шешу мүмкін емес - «Қазақстан халқына» қорының басшысы

22 一月 2022 13:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев қорға түскен қаражат есебінен елдің әлеуметтік проблемасын толықтай шешу мүмкін еместігін жеткізді. Сондай-ақ, қор басшысы түсіп жатқан қаржының алдымен қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаның назарына тағы бір қайталап айтқым келеді. Қор есебінен бүкіл әлеуметтік мәселені шешу мүмкін емес. Яғни, елдегі кедейлік, жұмыссыздық қор жұмысы арқылы шешілмейді. Әрине, қайырымдылық есебінен белгілі бір көлемде мұқтаж жандардың проблемасын шешуге болады. Біз қолдан келгенше баршаны қамтуға тырысамыз, дегенмен көмек алдымен аса мұқтаж жандарға бағытталады», - деді Болат Жәмішев ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қорға қаржы аударған әр адамның оның қайда жұмсалып жатқаны туралы білуге толық құқығы бар.

«Қордың жұмысы ашық жүргізіледі. Қор қызметіне қатысты барлық ақпараттар біздің сайтта жарияланады. Яғни, қанша қаржы түсіп жатыр, ол қайда жұмсалып жатыр барлығы ашық көрсетіледі. Ашықтық - біз көздеп отырған басым бағыттың бірі», - дейді ол.

Бұған дейін Болат Жәмішев «жаңа қор - бизнеске қосымша салық салудың бір түрі» деген пікірге түсінік берген еді.


回到顶部